Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы Қ.Күржіманұлы көшесі, құрылыс №2/1

Баннерлер

«Күншуақ» тобы

«Күншуақ» І кіші тобында 10 бала тәрбиеленеді. «Күншуақ» тобы (типтік) үлгілік оқу жоспарына сәйкес, оқу қызметтерін жаңа технология элементтерін қолдану арқылы балаларға қызықты етіп күнделікті ұйымдастырып отырады. Топ тәрбиеленушілері балабақшада өткізілетін ертеңгіліктерде өз өнерлерімен көріне біледі. Ертегі кейіпкерлерін сомдауда, ән айтып, би билеп бәріміздің көңілімізді марқайтып, тәнті етеді. Тобымыздағы әр бала өз өнерімен ерекше.Топ тәрбиешілері тәжірибелі мамандар Амирова Гүлмира және Мусаханова Эльмира арнаулы білімді, білікті мамандар. Көмекші тәрбиешісі Игілікова Жансая. Балалардың уақытын тиімді пайдаланып, тілдік қорларын арттыру мақсатында үнемі топтық және жеке баламен жұмыс түрлерін жиі ұйымдастырып отырады. Балалармен жеке жұмыс жасағанда балалардың таным процестерін дамыту үшін әртүрлі жеке жұмыс арқылы жаттығулар жасалынады.

2012 Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы әкімдігінің «Ақбота» бөбекжайсы
Әзірлеу және алып жүру: студия Gala