Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы Қ.Күржіманұлы көшесі, құрылыс №2/1

Баннерлер

Бөбекжай ережесі

1.Біздің бөбекжайында  барлығы бір-бірін сыйлайды. Сондықтанда бір-бірімізбен амандасуды, сәлемдесуді әдетке айналдырайық!

2.Бөбекжайда аптасына  5 күн 8.00 бастап 18.30 сағатқа дейін жұмыс істейді.Сенбі,жексенбі және жалпы мемлекеттік мереке күндері демалыс күндері болып есептеледі.

3.Баланың киімі мезгіліне сай болу керек.Баланың сөресінде ауыстыратын іш киім,іш көйлек,топқа киетін киімдері болуы шарт.Баланың киімдерінің тазалығын міндетті түрде тексеріп, жууға алып тұрыңыз.

4.Аяқ киімдері ыңғайлы  және  қауіпсіз  болуы керек.Денешынықтыру, ән-күй залдарына бөлек матадан жасалған аяқ киімдері болуы керек.

5.Ата-аналар балаларын тәрбиешінің қолына тапсыру керек. тәрбиешіні ескертусіз, сондай-ақ 16 жасқа толмаған  жас өспірімдерге, мас тұлғаларға баланы балабақшадан алып кетуге болмайды.

6.Ертеңгілік мерекелерге міндетті түрде келуіңіз керек.Ертеңгіліктен соң балаңызды мадақтауды ұмытпаңыз.

7.Әр айдың 10-шы жұлдызына дейін бөбекжайдың  төлемақысын төлеуді ұмытпаңыз.Төлей алмайтын жағдайда тәрбиешіге немесе бөбекжай әкімшілігіне ескертіңіз.

8.Егерде сіз балаңызды қандай да 1 күн тәртібі кезінде алып келсеңіз, баланы шешіндіріп қабылдау бөлмесінде үзіліске дейін баламен бірге күтіңіз.

9.Бала  денсаулығына немесе басқа бір дәледі себептерге байланысты бөбекжайға  келе алмасаңыз, міндетті түрде топ тәрбиешісіне немесе бөбекжай әкімшілігіне және бөбекжай медбикесіне хабарлап ескертіңіз.

10.Топтың  тәрбиешілері сағат 8.30- ға  дейін және 18.00-ден кейін сізбен балаңыз туралы сөйлесуге дайын, ал басқа уақытта педагогтарды алаңдатуға болмайды.

11.Педагогтарға олардың жас ерекшелігіне қарамай сіз және аты, әкесінің тегімен  атау керек.

12.Даулы және шиеленіскен жағдайларды балалар жоқ кезде шешу керек.

13.Барлық шешілмеген немесе сіздерді толғандыратын сұрақтар бойынша бөбекжай басшысына жолығуыңызға болады.

14.Сіздерден баланың қалтасына ұсақ,үшкір және кіретін заттардың болмауын қадағалауды сұраймыз.

15.Балаңыз өзімен бірге бөбекжайға  сағыз,кәмпит және т.б. заттарды алып келуге  рұқсат бермеуіңізді сұраймыз.

16.Балаларға топта бір-бірін ренжітуге, ұруға,басқа балалардың заттарын және ойыншықтарын алуға болмайды. Сонымен қатар басқа балалардың еңбек нәтижелерін бұзуға болмайды.

17.Бала бөбекжайға  3 күн келмесе дәрігердің анықтамасын алып келуі керек, егерде ұзақ уақыт болмаса немесе жазғы демалыстан оралған жағдайда баланың денсаулығы туралы анықтама және гельмитке  тексеру нәтижесі болу крек.

18.Бала бөбекжайда  ұзақ уақыт болмаған жағдайда баланың келетіні туралы топ тәрбиешісіне,бөбекжай әкімшілігіне,балабақша медбикесіне хабарлауы керек.

Естеріңізде болсын: баланы уақытында әкеліп-әкету тәрбиелеу-білім үдерісін дұрыс жүзеге асыру үшін маңызды.

Баланың  сырт-келбетіне қойылатын талаптар:

1.Сырт келбеті ұқыпты,киімдерінің түймелері қадалған болуы керек.

2.Беті  жуылған болуы керек.

3.Мұрны,қолы таза,тырнағы алынған болуы керек.

4.Шашы таралған және өсіп кетпеуі керек.

5.Жеке өзінің таза қол орамалы болуы керек.

2012 Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы әкімдігінің «Ақбота» бөбекжайсы
Әзірлеу және алып жүру: студия Gala