Бөбекжай жайында ақпарат
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез-келген адам , өзі өмір бойы қуып жете алмайтын «бақыт» деген құдіретті сөздің өлшемі, өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән берген халықпыз. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаған. Осы мақсатта Маңғыстау облысының, Білім басқармасы Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің Баутин ауылынан 2007ж 29 қарашада «Ақбота»бөбекжайы жедел басқару құқығындағы МКҚК бүлдіршіндерге өз есігін айқара ашып тәрбиемен білім нәрін сусындатуда. Бүгінде бөбекжайда 7-топ: «Күншуақ», «Бөбек», «Балапан», «Балдырған», «Тұлпар», «Көгершін», «Қарлығаш» топтары жұмыс жасайды. 14-тәрбиеші, 1-бейнелеу, 1дене тәрбиесі, -ән-саз жетекшісі, 1-психолог маман педагогтар қызмет етеді. Сонымен қатар психолог кабинеті, біріктірілген ән-саз және дене шынықтыру бөлмелері, бейнелеу бөлмелері бар. Баланың күлкісі әлемді шаттыққа бөлейтіні әмбеге аян. Баласын бауыр еті санайтын біздің қоғамда елдің баянды болашағы үшін жасалынып жатқан жұмыстар ұшан теңіз. Мұны керегесін кең жайған Отанымыздың кемел келешегі үшін қолға алған қамы деп түсінген абзал.






