Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Еліміздің тыңғыш Президенті»
Мақсаты: Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту
Дамытушылық: Балалардың ой -өрісін дамыту
Тәрбиешілік: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ – жауап, сергіту сәті, қорытындылау
Көрнекілік –құрал: Сурет, Слайд
|
Әрекет - кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Баланың іс әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Ән үран Шаттық шеңбер - Балалар мен сендерге бар жақсылықты тілеймін!
- Өте жақсы орындарына отырағойын - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілі неше айдан тұрады? - Күз айларын атңыздаршы? - Өте жақсы - Балалар бүгін отызыншы қараша күз мезгілінің соңғы күні. Ертен бірінші желтоқсан үлкен мерекені атап өтпекбіз, Еліміздің тыңғыш Президенті сайланған күн - Балалар біз қай Республикада тұрамыз? - Қазақстан Республикасының елбасшысы кім? - Өте жақсы - Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? - Тәуелсіз мерекесін қай күні атап өтеміз? - Дұрыс - Балалар біздің ұлтымыз қандай? - Балалар біз қай тілде сөйлейміз? - Өте жақсы - Балалар мен бүгін қонаққа Тұрсын әжейді шақырып қойып едім. Ол кісі бізге еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі туралы бізге айтып береді. Тұрсын әже Президентің әке шешесі Әбіш ата мен Әлжан әженін замандасы болған. - Тұрсын әжей келеді.(балалар амандасады) «Үш қоныр» әні орындалып тұрады) - Тұрсын әже қазақтың тұңғыш Президенті өмірге қалай келді? Бізге айтып беріңізші? Тұрсын әже - Айналайындар, біз жас кезімізде замандастармыз Әбіш пен Әлжан мен бәріміз мал шаруашылығында еңбек еттік. Жас жұбайлар Әбіш пен Әлжан жер шоқтығы Жетісудын Үш қоныр жайлауында мал бағып жүріп, жаратқан иемнен шаңырақты иесі болатындай ұл сұрап, жарықтық Райымбек баба басына түнеп қайтты. Тілектері қабыл болып 1940 жылы 6 шілдеде Шамалған аулынды Үш қоныр жайлауында өмірге торсықтай ұл келді.Оның атын «халқын нұрлы жолға бастаған сұлтан болсын» деген жақсы ниетпен Нұрсүлтан деп қойдық. «Көп тілегі –көл» емес пе, бәріміз жабылып құдайдан сұраған Нұрсұлтан халқының сұлтаны болып отырғой, айналайындар.Жарықтарым жер киесі – Үш қоныр мен Райымбек баба аруағына баламызды қолдай берсің деп, құдайдан тілеп отырмын, айналайындар. (Балалар сұрақ қояды) Тұрсын әже - Нұрсұлтан әдепті, әке шешесін айтқанын тындайтын, тентек қылмайтын бала болды.
- Нұрсұлтан сабағын жақсы оқып,әке шешесін қуантып жүрді. Жақсы білім алды, артынан ерген іні, қарындастарына үлгі болды. Тәрбиеші - Әже, Елбасымыз жас шағында тұңғыш рет алыс сапырға қашан аттанып еді? Тұрсын әже - Сұлтанжан алғаш рет үйінен алысқа ұзап Теміртауға аттанғаны еді. Сол кезде Одақ жастары Теміртауда салынып жатқан құрылыстарға белсене қатысып еңбектің ерлігін көрсетіп еді. Сұлтан сол еңбек майданына аттанды. Әке шешесі Әбіш пен Әлжан Нұрсұлтаннан келген әрбір хатты замандастарымен бөлісіп оқитын. 1962 жылы Нұрсұлтан Дүниежүзі жастарының фестиваліне қатысқан кезде, әке шешесі ұланасыр той жасап, бүкіл Шамалған ауылы қуанды. Содан бастап, Нұрсұлтан әке шешесін, ауыл аймағын, ел жұртын қуантумен келеді. Ел үшін туған азамат осындай болса керек. - Тәрбиеші Әже сіздің арқанызда біраз мағлұмат алдық. Келгенізге көп рахмет. Ал енді балаларымыздың дайындаған Отынымыз туралы өлеңдерін тамашаланыз.
-1991жылы 1желтоқсан күні қазақ халқының сайлап алған тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев сайланған соң 16 желтоқсан тәуелсіздігімізді алдық. Өзіміздің рәміздеріміз, теңгеміз, ата занымыз қабылданды. - Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерің білеміз ба? - Қандай рәміздері бар? Өте жақсы Қане туды кім сипаттап береді? - Тудың авторы кім? - Өте жақсы - Балалар елтаңбасы кім сипаттап береді? - Елтаңбаның авторы кім? - Өте жақсы - Әнұранның сөзін жазған кім? - Әнін жазған кім? - Өте жақсы - Балалар еліміздін бас қаласы қай қала? - Дұрыс - Балалар Астана қаласында қандай әдемі жерлер бар? - Балалар Астанаға, рәміздерге арналған тақпақтарды білеміз ба? - ия - Қане кім айтады?
- Өте жақсы - Н. Ә. Назарбаев еліміздің президенті. Ең жоғары лауазымның иесі. Өте көп жұмысты атқарады. Н.Ә. Назарбаев 20 жылдын үшінде Қазақстанда көптеген құрылыстар жасалды, Астана қаласы салынды. Н.Ә. Назарбаев 20 жылдың үшінде Қазақстанды бүкіл әлемге танытты және мойындатты. - Бұл кісінің Қазақстанда жасаған еңбегі өте көп. Қорытындылау: - Балалар Қазақстан Республикасының Президенті кім? - Еліміздің бас қаласы қай қала? - Қазақстан Республикасының Президенті қай күні сайланды? - Өте жақсы - Балалар бізге қонаққа кім келді?
Елімде бейбіт тыныш заман болсын, Тілейміз әр адамға бақыт қонсын Елімнің ел ағасы, елбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Осымен бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз аяқталды. Келіп тамашалағанызға көп рахмет |
Күз мезгілі
Үш айдан
Қырқүйек, қазан, қараша
Қазақстан Республикасында Н. Ә. Назарбаев
Тәуелсіз 16 желтоқсан
Қазақ Қазақ тілінде
Салеметсізбе
- Әже, Нұрсұлтан ата қандай бала болды?
-Әже, Президентіміз мектепте қалай оқыды?
Аида Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді Отан дейміз туған жер, атамекен Биік тау, орман, тоғай,көлімізді
Мөлдір Бақытты боп жүргенім, Сенің арқаң, Қазақстан Елім менің-тірегім, Құшағында гүл атам
Мүрсәлім Бейбіт таңдар арайланып атады, Туған жерді аймалады шапағы Байтақ елім – Қазақстан! Ең бақытты балалардың Отаны!
Мадиар Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің – Қазақстан Мәңгі соғып тұратын, Жүрегімсің – Қазақстан
Ақбота Егеменді ел болдық, Ұлттық намыс оянып Гүлденсін мәнгі жайқалып, Тәуелсіз қазақ еліміз
Інжу Бейбітшілік әніміз, Бауырласпыз бәріміз Қазақстан даласында Жарасады сәніміз Ұлы Отан аясында Жадырайды жанымыз
Исламбек Жерің самал, ескен майда, Тасқындаған егін –жайда, Далам менің, анам менің, Туған елім –Қазақстан
Сағадат Толтырған гүлге даланы, Жайнатқан ауыл, қаланы Ардақты ата мекенім, Отаным – Қазақстаным
Абылай Бақыт елі –бұл Отан Бәріне де иемін Біздің Отан – ұлы Отан Ұлы Отанды - сүйемін
Ия
Ту, Елтаңба, Әнұран
Шакен Ниязбеков
Шота Уалиханов, Жандарбек Малибеков Н.Ә. Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов
Шәмші Қалдаяқов
Астана
Бәйтерек, Хан шатыры, Ақ орда
Айшабибі Шықты тарап ой данадан, Бәрі қарады жұлдыз беті Өзі қалап, сайлап алған, Елімнің бар Президенті Ол да аямай жанды салды, Жету үшін мұндай сыйға Нұрсұлтан Назарбаев – Ел басшысы, Көгіңдегі тудай сыйла
Сағындық Бағыт беріп Нұрсұлтандай нұрлы ағам Бүкіл әлем күліп бүгін тұр маған Қамқоршы басшы, ағаларым аманда Мен қашан да құлпырамын, нұрланам
Есбол Гүл жайнаған Астана Қазақстан Отаны Бірін – бірі сыйлаған Туысқсндар Отаны Азаматқа лайық Отанымның ұлымын Отанымды қорғайтын Азаматтың бірімін
Өрлен Отанымының төрінде, Сарыарқанын өрінде Ту ұстаған Астанам, Әсем қалам – бас қалам
Меруерт Биік болсын шоқтығын Атыңды айтам ән қылып Желбірейді көк туың, Төбемізде мәңгілік
Ақжан Елтаңбасы елімнің, Неткен айбат әдемі Тұнығындай қөңілдің, Ортада аспан әлемі Құт, береке шаңырақ Орын алған ол төрден Қанатты қос арғымақ Екі жақтан көмкерген
Темірбек Отан туы желбіреп, Көз тартады құбыла Біз қараймыз елжіреп Туған жердің туына
Мадина Отанда жас, кәріміз де, Туған жер деп сүйеміз Ойткені онда бәріміз де, Туып, өмір сүреміз
Н. Ә. Назарбаев Астана 1 желтоқсан Әже |





