Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы Қ.Күржіманұлы көшесі, құрылыс №2/1

Баннерлер

Астана – арман қала!

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме! Құрметті әріптестер және Ақбота бала-бақшасының бүлдіршіндері. Алтыншы шілде Елордамыз Астана қаласының  мерекесі баршамызға құтты болсын! Биыл бас қаламыз Астанаға 15 жыл. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімнің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.

           О, Астанам, Астанам!

           Жарқыра күндей бас қалам

           Қарыштай бер қанат қақ

           Ғасырларға бас қадам. – дей отыра мерекелік алғашқы құттықтау сөз кезегі балабақша әдіскері Абулгартаева Сарбиназға беріледі. Ал енді мерекелік шарамызды «Тұлпар» тобының тәрбиеленушісі Сырлыбай Сабыржанның орындауында «Ел жүрегі- Астана» әнімен ортаға шақырамыз.

           Астана шапағаттың шуағындай,

           Астана махаббаттың тұрағындай.

           Астанам періштелер мекенісің,

           Астанам Қазақстан тұмарындай. – дей отыра «Балдырған» тобының бүл-діршіндерінің арман қала Астанаға деген тақпақтарын тыңдайық.

       1-бала. Астана- ару қала, аппақ қала,

                    Көрінген көкжиектен асқақ дара.

                    Көнедей Нұқ пайғамбар үміт артқан,

                    Жаңарды жақұттайын ұлттық сана.

      2-бала. Астана- арман қала,

                  Бағы бар жанған қала.

                  Тұрады ол жап-жас болып,

                  Мен үлкен болғанда да.

      3-бала. Астанам - бағы биік асқарымсың,

                  Астанам - мәңгі жарық аспанымсың.

                  Астанам - пейіш қала, ел арманы,

                  Астана - қайда жүрсем мақтанышым.

Қазақ биін нақышына келтіріп, он саусағы майысқан  «Тұлпар» тобының биші қыздарын қарсы алыңыздар. Би «Қызыл құмда ауылым».

         Болашаққа бастаған,

         Шарықтайды асқақ ән.

         Елордасы Отанның,

         Мақтанышы Астанам.

         Қарыштап алға бас қадам,

         Отанымның жүрегі. – деп «Балдырған» тобының қыздарын «Қолшатыр» биімен ортаға шақырамыз.

         Астана - жасай бер мәңгі тілегім!

         Астана - мақтанышым деп білемін!

         Астана - алтын тұғырлы тірегім!

         Астана - соғады сен деп жүрегім!

     Ия, балалар бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуысыз мүмкін емес. Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз!

     Астана - үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала. Бізде тек Астана бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар. Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар. Осымен бүгінгі Астана туралы мерекелік шарамыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

2012 Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы әкімдігінің «Ақбота» бөбекжайсы
Әзірлеу және алып жүру: студия Gala