«Әлемге танылған -Тәуелсіз Қазақстан»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Әлемге танылған -Тәуелсіз Қазақстан».
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру, Қазақстанның
Мемлекеттік рәміздері, еліміз, жеріміз, тіліміз туралы тақпақ
үйрету арқылы тілдерін жаттықтыру. Ойлау қабілетін, сөздік
қорын молайту.
Әдіс- тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, сергіту, мадақтау,
қорытындылау.
Көрнекі құралдар: сурет, еліміздің рәміздері.
Бүгінгі ашық оқу іс -әрекетіміз: Тіл дамыту, сабағымыздың тақырыбы «Әлемге танылған -Тәуелсіз Қазақстан» деп аталады.Сабағымызды ең алдымен шаттық шеңбермен бастайық.
Армысың, мейірімді жер ана!
Армысың, шұғылалы Алтын күнім!
Армысың, тәуелсіз елім менің,
Армысың, балабақша достарым
Армысыздар қонақтар!
Енді балалар оқу іс- әрекетімізді Мемлекетіміздің Әнұранымен бастайық.
Хор: Әнұран.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады? - Үш айдан
-Үш айдың аттарын атаңдаршы? -Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Қазір қай ай? -Желтоқсан.
Осы желтоқсан айында қандай мерекелерді тойлаймыз?
Тұңғыш Президент күнін, Тәуелсіздік мерекесін және Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.
Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі кең байтақ елде тұрамыз. Ол елдің аты қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы.
- Біз қай тілде сөйлейміз? -Қазақ тілінде.
-Біздің елбасымыз, Президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Әр елдің өзінің Мемлекеттік рәміздері болады, ал біздің еліміздің Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
-Ту, елтаңба, Әнұран. (Слайдтан көрсету, балалардан сұрап туды; елтаңбаны сипаттату) Әнұран мемлекеттік жиындарда, мәдени шараларда міндетті түрде айтылады.
Біздің ел, яғни Қазақстан елі қандай ел?
-Тәуелсіз.
Балалар, біз тәуелсіз дегенді қалай түсінеміз, Тәуелсіз дегеніміз ешкімге бағынбайтын, бостандықта өмір сүретін елді айтамыз.
Балалар, Біздің еліміз 1991жылы 16желтоқсанда Тәуелсіздік алды. Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл болды. Бізге тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. 1986ж 16желтоқсанда біздің елімізді басқарып отырған Дінмұханбет Қонаев деген басшымызды алып тастап, орнына шеттен Геннадий Колбинді сайлаған. Біздің қазақ халқы бұған қарсы болды, бізге басқа басшы керек емес,өз елімізден қойыңдар деп наразылық тудырған, міне осыдан барып Желтоқсан оқиғасы басталды. Біз үшін бұл өте ауыр күн болды. Қақаған күннің ызғарында біздің қазақ жастары алаңға ұрысқа шығады. Осы қазақ жастарының ішінде Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, С. Мұхамбеджанова, Е. Сыпатаев сынды аға апаларымыз құрбан болды.
Елдің көңіліне күн орнатқан осындай қайсар аға апаларымыздың арқасында Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Елдің қамын ойлап, елі үшін құрбан болған аға апаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Балалар біз бәріміз Отанымызды қастерлеп, қадірлеуіміз керек. Қане, балалар Отан туралы кім мақал мәтел , тақпақ біледі, кім айтады.
Аяжан.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап,
Өйткені Отан баласындай,
Бізді өсірер аялап.
Инабат.
Анамыздай тілеуі ақ,
Отанбізде біреу ақ,
Ол біздің Қазақстан.
Аманжан.
Отан үшін отқа түс күймейсің.
Әмина.
Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер.
Сабина.
Өз елімнің басы болмасам да ,
Сайының тасы болайын.
Сергіту сәті.
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін біздің қазақ елі көптеген жетістіктерге жетті. Өз алдына үлкен ел болып, дүние жүзіне танылуда. Қазақстан бұл азат ел. Көк байрақты, елтаңбалы,әнұранды. (Осы жерде слайд жетістіктерге)Елбасымыздың елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан теңіз. Елбасымыздың арқасында біз даму жолындамыз.
Сол кездерде Тәуелсіз ел болып, қуанып жатқан қуанышты сәттерге кезек берейік. Олай болса балалар «Тәуелсіздік жарығы» атты әжесі мен немересінің сөздерін тыңдайық. ( Салюттің дауысы осы жерде)
ХОР: Атамекен әні.
Қане, балалар осы Тәуелсіздік мерекесіне арналған тақпақтарың барма кім айтады.
Ерболат.
Бейбітшілік әніміз,
Бауырласпыз бәріміз.
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз.
Айзере.
Әрбір күн шат думан,
Республикам арайлы.
Желбіреген көк тудан,
Күннің шуағы тарайды.
Сая.
Елтаңбасы елімнің,
Ортасында шаңырақ,
Мемлекеттік туымен,
Күн шығып тұр жарқырап.
Венера.
Жанарымда таң нұры,
Жас қырандай сілкіндім.
Әнұраным айбыным.
Ар ожданы ұлтымның.
О.Бекжан.
Отанды жас, кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәрімізде,
Туып өмір сүреміз.
Назерке.
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Қорытынды. Балалар, бүгін біз сабағымызда не туралы әңгімеледік?
Біздің Елбасымыз кім ?
Бүгін бәріңізде сабаққа жақсы қатыстыңыздар.
Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін. Көк байрағымыз қалықтап желбірей берсін.








