Қазақтың ұлтық ойындары
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары-халықтың мәдени мұрасы»
Мақсаты:Ойындар арқылы баланың тілі мен ойлау ,есте сақтау қабілеттерін арттыру,нақты ойлау жүйелерін қалыптастыру.Ұлттық салт-дәстүр туралы әсерлерін толықтыру.Бір-бірімен достық қатынаста болуға ,үнемі санаса білуге үйрету.Әдептілік,мәдениеттілікке баулу,адамгершілік пен еңбекке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Армысыздар айналайын халайық,
Айналаға шын қуанып қарайық,
Бақшадағы мерекелік шараға
Бәріміз ден қойып бір қарайық
Қайырлы күн құрметті қонақтар,балалар, ата-аналар. «Ақбота» балабақша табалдырығында алғаш өткізгелі отырған «Қазақтың ұлттық ойындары-халықтың мәдени мұрасы» атты байқауына қош келдіңіздер.
Құттықтау сөз: Балабақша директоры Сания Ретханқызына беріледі.
Жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға келіп тұрған
Сайыскерлерді ортамызға шақырамыз.
«Қарлығаш» тобының сайыскерлері:
«Көгершін» тобының сайыскерлері:
«Тұлпар» тобының сайыскерлері:
Жүргізуші:
Өнерге биік сенсеңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз- деп бүгінгі байқауды бағалайтын әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
Бақытты отбасы келешек кепілі
Тәрбие-бұл жұмбақ шешімі
Үйрету,үлгі ету,өнеге көрсету
Әрқашан ата-ана міндеті,-деп сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1.Таныстыру
2.Асық ату. Балалар
3.Арқан тарту отбасымен бірге
4.Күрес.Әкелер арасында.
5.
6.
Жүргізуші:
Ізгі салтын, бірлігін жариялар,
Отбасы алтын мұра дариялар
Бөленіп көрерменнің пейіліне,
Таныстырсын кезекпен жанұялар-деп сайысымыздың бірінші бөлімі тныстыруды бастаймыз.
Жүргізуші:
Халқы бар ынтымақты шырақ еткен
Тәрбиелі,үлгілі ауыл неткен
Шағын орда отбасы аталады
Сыйластық,жақсылықтың дәнін еккен-деп сайысымыздың екінші бөлімін бастаймыз. Асық ату. Балалар арасында жүргізіледі.
Жүргізуші:
Бас қосты отбасылар бүгін кеште
Жол салып асыл мұра ұлы іске
Мыңның түсін білгенше,бірдің атын,
Білгеніміз ,ағайын ,жөн емеспе-деп сайысымыздың үшінші бөлімін бастаймыз. Арқан тарту сайысы. Отбасылар арасында.
Жүргізуші:
Балалар арасында асық ойнау.
Әділқазылардан бағасын сұраймыз.
Қыз ақылы ескермес,
Ана үлгісін көрмесе
Ұл жарылқап ас бермес
Әке үлгісін көрмесе -деп сайысымыздың төртінші бөлімін бастаймыз. Қазақша күрес.Әкелер арасында.
Жүргізуші:
Куә болдық ата-ананың шеберіне
Ұрпағымыз жетсін әркез кемеліне
Баршамыз көзімізді жеткізейік
Бұл байқауда отбасының өнеріне -деп сайысымыздың бесінші бөлімін бастаймыз.
Қызық сәттер толқын уақыт өтті тағы,
Бәз біреуге ашылды Қадыр бағы
Келесі кездескенше қош айтамыз
Жайқалсын отбасылар жапырағы-деп «Қазақтың ұлттық ойындары-халықтың мәдени мұрасы» атты сайысымыз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет.Қош сау болыңыздар.













