Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы Қ.Күржіманұлы көшесі, құрылыс №2/1

Баннерлер

Туған тілді сақтайық!

Тақырыбы:      «Туған тілді сақтайық»
Өткізген:           Таңатарова Жанар Әбілғазықызы
Мақсаты: Балаларды туған ана тіліміздің қасиетін, қадірін біліп  құрметтеуге, 
сүюге тәрбиелеу. Балалардың танымдық қабілетін дамытып, Отанға, 
туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу.  
Барлық балалардың бір-бірімен өз ана тілінде ой бөлісуге үйрету.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері. Нақыл сөздер:
«Халық бар жерде – ұлт бар»,
«Әр халықтың өмірі – өзінің тілінде»
Барысы:
                               Шаттық шеңбері
                   Кел, балалар, ортаға
Үлкен шеңбер құрайық.
Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, Жер Ана!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым,
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын.
Қолдарынан ұстайық
Жылулықты алайық.
Тәрбиеші: - Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар:  - Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: - Біздің ұлтымыз кім?
Балалар:  - Біздің ұлтымыз қазақ.
Тәрбиеші:  - Ал, біз қай тілде сөйлесеміз?
Балалар:  - Біз қазақ тілінде сөйлесеміз.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, балалар. Біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз туған
жеріміз, Отанымыз туралы айтып, ана тіліміздің мәртебесін асқақтатып, 
басқа ұлттарың қазақ тілін меңгеруін, құрметтеуі туралы сөз етеміз.
Ендеше оқу іс-әрекетімізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік
әнұранымен бастауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: - Өте жақсы. Балалар, биыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы
22 жыл болады. Біздің еліміздің мемлекеттік нышандары бекітілді.
- Қане, кім айтады, мемлекеттік нышандарымызға нелер жатады?
(балалардың жауаптары)
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар. Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Болашақ жас
ұрпақтарымыз, яғни, сендер тана тілдеріңді қадірлеп, құрметтеулерің
керек. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «қазақ қазақпен 
қазақша сөйлесуі керек».
Тәрбиеші: - Қане, балалар, тіл туралы тақпақтар кім айтады?
Ақерке: Туған тілім – айбыным
Туған тілім – ай, күнім
Туған тілде айтылар
Жүректен шыққан ән-жырым.
Исламбек: Ана тілің біліп қой
Бостандығың теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың елдігің.
Гүлімай: Ана тілім менің
Әлдилеген әнім
Ана тілім – демім
Ана тілім – дінім.
Сабыржан: Жанымнан да қымбат
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап
Үлгі-өнеге алғам.
Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар. Ана тілдерің туралы жақсы тақпақтар біледі 
екенсіңдер. Ертеде ата-бабаларымыз да тілді қатты құрметтеген, тілдің
құдіретін бағалаған. Соның бір дәлелі ретінде мына көрініске назар
аударайық.
Көрініс: «Тілдің құдіреті туралы аңыз»
Хан: - Уәзірлерім, бұл дүниеде не өлмейді?
Уәзір: - Уа хан ием, асқар тау өлмейді, ай мен күн өлмейді, ағын су өлмейді, қара
жер өлмейді.
Хан: - Жігітке жақсы болу үшін не керек?
Уәзір: - Уа хан ием, жігітке бірінші білім керек, екініші ғылым керек, үшінші ұғым
керек, өткір тіл керек.
Хан: - Уәзірлерім, жігіттің неше жұрты болады?
Уәзір: - Хан ием, жігіттің 3 жұрты болады: ағайын жұрты, қайын жұрты, нағашы
жұрты.
Хан: - Жарайсыңдар, сендердің жауаптарыңа ризамын. Енді маған тағамның ең
тәттісін әкеліңдер.
Уәзір: - Құп болады,- деп ыдысқа салынған тілді әкеледі.
Хан: - Мен саған тағамның тәттісін әкел дедім ғой.
Уәзір: Тағамның тәттісі осы.
Хан: - Солай де, ендеше, тағамның ащысын әкел.
Уәзір қайтадан тілді алып келеді.
Хан: - Бұл не? Мен саған тағамның тәттісін әкел дегенде тіл әкелдің. Ащысын әкел
дегенде неге қайтадан тіл әкелдің? Бұл қай мазағың?
Уәзір: - Мәртебелім, тілден тәтті не бар? Жақсылықтың жаршысы – тіл. 
Жаманшылық та осы тіл арқылы болады.
Хан: Уәзірлерім, менің де сендерге айтар нақыл сөзім бар:
Малым бар деп мақтанба
Боран соқса қайтесің?
Басым бар деп мақтанба
Ажал соқса қайтесің?
Тілім бар деп мақтанба
Тіл байланса қайтесің?
Бағым бар деп мақтанба
Сорға айналса қайтесің?
Ақылдан артық хандық жоқ
Жомарттан артық хандық жоқ. – деп тапқырлықтарына риза болған екен.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар. Қане, балалар, бұл көріністен не ұқтыңдар?
(балалардың жауаптары)
Тәрбиеші: - Қане балалар, бір серігіп алайық.
Сергіту сәті.
Тәрбиеші: - Өте жақсы. Ал енді тіл туралы нақыл сөздер білемізбе?
Нұртас: Тіл тас жарады
Тас жармаса бас жарады.
Сабина: Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді.
Мейіржан: Тіл қылыштан да өткір.
Тіл халықтың жаны.
Саяжан: Тілден биік асқар жоқ
Тілден асқан байлық жоқ
Тілден терең теңіз жоқ.
Айбар: Ана тілің – анаң
Қалдырған оны бабаң.
Зүлпіһар: Өнер алды қызыл тіл.
Нұраулет: Халықтың ең асыл мұрасы – ана тілі.
Сән: Әр халықтың өмірі – тілінде.
Халық бар жерде ұлт бар.
Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар. Қане кім тағы тіл туралы тақпақтар біледі?
Әмина: Ана тілім – анам
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Бойға біткен қаным.
Ағарыс: Ана тілім – елім
Қажыр қайрат күшім
Ана тілім менің
Бабам артқан сенім.
Анеля: Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілде – айтылар сыр ойдағы.
Аманбек: Кәрі жасқа ой сала
Үйреткен ой сана
Ана тілін сүйіңдер
Осыған бас иіңдер.
Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Дидактикалық ойын: «Жылы сөздер»
Айбар:  Туған тілді сақтайық!
Саяжан: Жақсылықтың жаршысы – тіл.
Сән: Мен ана тілімді мақтан етемін!
Анеля: Елімізе тыныштық болсын!
Ағарыс: Мен Отанымды сүйемін!
Сабыржан: Менің тілім өте бай.
Ақерке: Менің Отаным өте сұлу.
Исламбек: Өнерлі ұрпақ болайық.
Айса: Әр таңымыз арайлап атсын!
Адай: Заманымыз тыныш болсын!
Аманбек: Ана тілім өркендей берсін.
Нұртас: Менің елім өте әдемі.
Мейіржан: Мен ана тілімді құрметтеймін.
Зүлпіһар: Менің тілім – менің мақтанышым.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, балалар. Бүгін біз не туралы айттық?
- Бізде кімдер қонақтар болды?
- Біз қай тілде сөйлесуіміз керек?
- Жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге өте жақсы
қатыстыңыздар. Сендерді елін, жерін, Отанын, тілін құрметтейтін үлкен
азамат болатындарыңа сенемін. Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау
болыңыздар.

2012 Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы әкімдігінің «Ақбота» бөбекжайсы
Әзірлеу және алып жүру: студия Gala