Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы Қ.Күржіманұлы көшесі, құрылыс №2/1

Баннерлер

«Отбасының қос шынары»

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар! Сәлеметсіздер ме , ата-аналар , апайлар. Бүгін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай өткізіліп отырған «Отбасының қос шынары» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бәрімізге келіп жеткен Амал мерекесі құтты болсын дей отыра, сайысымыздың алғашқы құттықтау сөзін «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Бердібаева Сания Ретханқызына береміз.

Олай болса , бүгінгі сайысқа қатысатын әр топтың қос шынарларын ортаға шақырайық.

1.«Күншуақ» тобынан: Төлемісова Қалжан әжеміз бен Қарағұлова Фариза жеңгемізді шақырайық.

. «Балдырған» тобынан: Жұмакүл әжемізді және Құралай  жеңгемізді шақырайық.

6. «Қарлығаш» тобынан: Жұмағазиева Шолпан әжеміз бен Демеуқызы Гүлшара жеңгемізді қарсы алайық.

7. «Көгершін» тобынан: Қарашаева Шагизат әжеміз бен Құлтумаева Алтынгүл жеңгемізді қарсы алайық.

Сайыскерлерімізді сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

1.     Таныстыру бөлімі.

2.     Ситуациялық сұрақтар және мақал мәтелдерді жалғастыру.

3.     Қолөнер.

4.     Отбасы ошақ қасындағы бала тәрбиесінен көрініс көрсету.

5.     Өнер сайысы

Әділқазы болады бүгін,

Ата -аналар ғой біздердің.
Әділдікпен бағаласын,
Өнер білім сайысын.

Ендеше әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар:

1)    Қазақ тілі  қоғамының төрайымы – Рамашева Гүлсім апай

2)    Баутин поселкесінің әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері – Әленова Алмагүл апай.

3)    Білім беру бөлімінің инспекторы – Ізтілеуова Қаламқас апай

4)    «Ақкетік арайы» редакциясының тілшісі – Жолдасова Жадыра апай.

Сайысымызды бастамас бұрын Қанатбай Нұржан мен Береген Ақеркенің орындауында Ана туралы жыр әнімен бастайық.

«Ана туралы жыр» әні орындалады.

Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Амал тойын бастайық,

Осы тойға арналған

«Отбасының қос шынары» сайысын бастайық.

Сайысымыздың алғашқы бөлімі таныстырудан бастайық.

І- бөлім. Таныстыру бөлімі бойынша әділқазылар өз бағасын беруге рұқсат.

ІІ-бөлім.

Қазақтың түрлі дәстүрлері бар,

Оның сырын біле ме, қос шынарлар

Сол себептен қоятын сауалда бар

Ал,қос шынарлар сайысқа қалайсыздар, дей отыра ситуациялық сұрақтарымызды және мақал мәтелдерді жалғастыру бөліміне кезек берейік.

ІІІ-бөлім.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Таныстырып өздерін ән салыпты

Бүгінгі сайысымызға бәйге алуға

Қос шынарлар аянбай жан салыпты, деп қолөнер бөліміне кезек берейік.

Әділқазылар әділ баға беріп болса, «Көгершін» тобындағы Кәмшаттың орындауында қазақ вальсі.

Жаны сырлы, жанарытау ару әже аналар,

Сенімі асқар, күн ару аналар

Сәуле шашқан өмірге нұр әжелер

Көрік болған көгімде жұлдыздар ай

Бай болсын аналарымыз ізгілікке,

Жақсы дәстүр көп біздің ішімізде,

Қол соғып қошеметпен тамашалайық,

IV-бөлім. Отбасы ошақ қасындағы бала тәрбиесінен көрініс.

«Қарлығаш» тобының дайындаған «Қара жорға» биін тамашалайық.

V-бөлім.

Мың бұралған аналар дөңгелене би билеп,

Келеді міне ортаға көңілдері толқып.

Көңілді қошаметпен қарсы алайық,

Аналарын қашанда халқым менің, дей отыра отбасының қос шынарларын келесі бөліміізде    кезекпен кезек бастауға шақырамыз.

Әділқазылар әділ бағасын бергенше әр топтың дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалайық. Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Көріскеше, қош сау болыңыздар!

Бас  жүлде Атшыбаевтар отбасы (Қарлығаш тобы), І орын Бақытжановтар (Балдырған тобы) отбасы, ІІ орын Култумаевтар (Көгершін тобы )отбасы, ІІІ орын Дүйсеғалиевтар (Күншуақ тобы ) отбасы иемденді.

2012 Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы әкімдігінің «Ақбота» бөбекжайсы
Әзірлеу және алып жүру: студия Gala