Туған өлкем
Туған өлкем
(саяхат сабақ)
I – бөлімі
Мақсаты: Өз туған қадірлеп білуге, өз қаласындағы көрікті орындарды танып қадірлегі білуге үйрету. Өз елке, туған жеріндегі мәдени орындарды қадір тұта білуге сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: (балаларға сұрақ – жауап) - балалар біз бүгінгі туған жеріміздегі көрікті жерлерге саяхатқа шығамыз. Қай қалада тұрамыз, қай облыста
(Балалардың жауаптары)
Балалар: - Біз Форт Шевченко қаласында саяхат жасауға келіп тұрмыз.
Тәрбиеші: Біздің қаламыздағы қандай ескерткіштерді білеміз?
Балалар: Мынау Иса- Досан батырлар ескерткіші.
Тәрбиеші: Өте дұрыс. Иса Тіленбайұлы және Досан Тәжіұлы деген аталарымыз елімізге қауіп төндірген көтерілісте біздің жерімізді жаулардан адамдардан қорғап өз елі үшін адал қызмет етіп, елін, жерін өте жақсы көріп сүйіп қадірлеген қорғаған батырлар. Сол себепті келешекте ұрпақ яғни сіздер бүлдіршіндер ұмытпай есте сақтап, қадір тұтып жүрсін деп ескерткіш орнатқан. Ал, енді балалар келесі қаламыздағы мәдени орындардың бірі мынау қуғын - сүргін құрбандарына арналған ескерткіш. Кезінде өте дарынды білімді ата- бабаларымыз болған өз отанын елін өте жақсы көрген . Олар аталарын Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Сәкен Сейфулин сияқты көптеген аталарының бұл ескерткішке де әрбір қуанышты күндерімізде гүл шоқтарын қойып тағзым етеміз. Оларды қадірлеуіміз керек.
Тәрбиеші - Ал, енді келесі саяхат әрбір мұсылмандар үшін киелі жер Аллаға шүкіршілік етіп мінжәт ететін орта ол-Мешіт . Бұл балалар мінәжат ететін киелі орындеп аталады. Бұл жерге келген адам таза келеді. Дәретін алып, қыздар орамал, балалар бас киім киіп келеді. Бұл жерді әрбір мұсылман баласы қадір тұтуы керек. Қаламыздағы тағы бір үлкен саябақ бар біз сол жерге келді.
Тәрбиеші - Ал енді балалар біздің саябақтың өзіндік ерекшелігі бар. Онда этнография мұражай орналасқан және украин ақыны Т.Г. Шевченкоға мұражай бар. Бұл мұражайдың меңгерушісі Нұрсұлу апай.
- Балалар бұл «Ұлттық этнографиялық» мұражай. Мынау балалар балықшының құралдары себебі ата әжелеріміз ерте де балық аулауды кәсіп еткен. Ал мынау балалар ағаш үйдің жабдықтары. Бұрын біздің ата- бабаларымыз көшіп қонып жүрген сол уақытта өздерінің қолдарынан келген ұлттық бұйым.
-Балалар мынау бақшаның іші. Бұл жерге жаз мезгілінде келсең өте әдемі болып тұрады.
- Мынау балалар Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш. Бұл соғыста біздің ата әжелеріміздің ерлігің арқасында жеңіске қол жетті. Мына тақтада сол үшін соғыстан қайытпай қалған ата- әжелеріміздің тізімі. Ал мынау мәгі алау. Бұл алауға әрдайым келіп ата- аналарымен гүл шоқтарын қойып тұрыңыздар. Сонда ата -бабаларымыз риза болады.
- Балалар біз ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Қай тілде сөйлейміз?
- Қазақ тілінде.
- Өте жақсы.
- Мынау балалар Т.Г Шевченконың мұражайы. Бұл кісінің ұлты украин Т.Г.Шевченко ескерткішінің қасына барып суретке түсеміз. Міне балалар
сіздерге біздің жеріміздегі мәдени орындар ұнады ма?
Балалар: -Ия
Тәрбиші: - Кімге қай жер ұнады?
Балалар: - Иса Досан ескерткіші, бақшада, Мешіт.
Тәрбиеші: - Әр біреуін өз тұрған жерлерінде сүйіп қадір тұта біліңдер. Сонда өз елдерінің патриоты боласыздар.
Туған өлкем
IІ- бөлім
(талқылау сабақ)
Тәрбиеші: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі
Балалар: - Қыс мезгілі
Тәрбиеші: - Қыс мезгілі неше айдан тұрады.
Балалар. - Үш айдан тұрады.
Тәрбиеші: - Қыс айлары атаңдаршы?
Балалар: - Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Тәрбиеші: - Балалар, біз бүгінгі сабақта өткен саяхат сабағымыздаы талқылаймыз.
- Балалар, біз кеше қай жерлерге саяхат бардың.
Балалар:-Иса Досан, Мешіт, мұражайға бардық.
Тәрбиеші: - Дұрыс балалар.
- Балалар мен сендерге қазір осы батырларға арналған өлең шумағын оқып беремін. Мұқиият тыңдаймыз.
Соңғы ханы қазақтың
Келесары алаштың
Амангелді батыр да
Қол бастаған Исатай
Қойшы болып Махамбет
Иса менен Досан да
«Елім менің жерім» деп
Бейбіт өмір жолында
Пида етті жандарын
Талай жылдар өткердік
Талай парақ төңкердік
Қазір қолда бостандық
Біз бақытқа бөлендік
Тәрбиеші: -Батырлар бұл өлең шумақта кімдер туралы айтылған?
Балалар: - Батырлар туралы
Тәрбиеші: - Дұрыс балалар.
- Балалар біз тағы қай жерлерге бардық?
Балалар: - Мешітке бардық.
Тәрбиеші: - Дұрыс балалар.
- Мешіт мұсылмандардың үйі, иман бар.
Тәрбиеші - Ал тағы қай жерлерге бардық
Балалар: - Мұрайжайға
Тәрбиеші: - Дұрыс
- Мұржайдан не көрдіңдер?
Балалар: - Киіз үй, балықшының заттарын көрдік.
Тәрбиеші: - Дұрыс балалар себебі сол кезде балық шаруашылығымен айналысқан.
- Ал балалар тағыда қай жерлерде болдық.
Балалар: - Т.Г.Шевченконың мұражайында. Ол жерден осы кісінің пайдаланған заттарын көрдік
Тәрбиеші: - Өте жақсы.
Сергіту сәті:
О, алақай, туған жер!
Жақсы-ау, бақша-бауларың!
Көзге ыстық көрінер
Сенің асқар тауларың.
Сенің асқар тауларың.
Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай терейік,
Кең өлкенің қырларын
Жүр, аралап келейік!
Жүр, аралап келейік!
Қорытындылау:
Тәрбиеші: - Балалар өлкеміздің ескерткіштері сендерге ұнады ма?
Балалар: - Ия
Тәрбиеші: - сендерде осындай Иса Досан сияқты батыр болып өсесіндер ме?
Балалар: - Ия
Тәрбиеші: - Рақмет балалар, сабағымыз аяқталды.





